389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменге гуманитарлық көмек тоқтатылады

  • 236
Йеменге гуманитарлық көмек тоқтатылады

БҰҰ осы аптаның соңында Йеменге гуманитарлық көмек көрсетуін тоқтатпақ ниетте.

Осы ұйымдағы азық-түлік бағдарламасы басшысының айтуынша, араб елі тиісті талаптарды орындамайды. Атап айтқанда азық-түлік тиелген кейбір көліктер көмекке мұқтаж жандарға жете алмай жатыр. Оған қоса жергілікті билік ұйым қызметкерлерінің жұмысына араласады делінген. Айта кетейік, Йемендегі азаматтық соғыстың басталғанына бірнеше жыл болды. Қазір ел тұрғындарының 90 проценті аш құрсақ жүр.

Хабар 24 телеарнасы