Ресейдің түкпір-түкпірінен келген бақсы-балгерлер Иркутск облысында өткен фестивальде бас қосты.
Сібір бақсыларына тән дәстүрлі киім киген 100-ге жуық адам отты айналып, түрлі рухтарға тағзым етіп, тәтті сый тарту етті. Шара рухтардың көңілінен қаншалықты шыққаны белгісіз болса да, фестивальге жиналғандар мәз-мейрам.