389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция парламенті баланы ұрып-соғуға қатысты заң жобасын қабылдады

  • 281
  • UPD: 08:59, 05.07.2019
Франция парламенті баланы ұрып-соғуға қатысты заң жобасын қабылдады

Тәрбие ісінде балаға мүлдем қол көтеруге болмайды. Франция парламенті баланы ұрып-соғуға қатысты заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес, енді қорғануға шамасы келмейтін балаға ұрсып, дауыс көтеруге және ұрып-соғуға тыйым салынады. Статистикаға сай, бүгінде Францияда ата-аналардың 85%-і білім беруде зорлық-зомбылыққа бой алдырады. Ал олардың 50%-і екі жасқа толмаған балдырғандарды ұрып-соғады екен. Осының алдын алу мақсатында Франция білім беру саласында зәбір көрсетуге тыйым салған 56-шы ел атанды. Аталған заң Еуроодаққа мүше 28 елдің 22-сінде қабылданған. Ал оны алғаш болып 1979 жылы Швеция елі қабылдапты.

Хабар 24 телеарнасы