Перу астанасы Лима қаласының батысындағы Эль-Кальяо ауданында бірден 200 үй өртке оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алдын ала ақпарлар бойынша тұрғын үйлердің барлығы дерлік ағаштан тұрғызылған екен. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін бірнеше ондаған бригадалар тартылды. Жергілікті билік өкілдері бір өрт сөндірушінің түтінге уланып, ауруханаға түскенін хабарлады. Жергілікті БАҚ өкілдері әзірге зардап шеккендер туралы ақпар жоқ деп отыр. Өрттің шығу себебі анықталуда.