386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дональд Трамп Техастағы атыс туралы: Бұл нағыз қорқақтық әрекет

  • 180
  • UPD: 12:56, 04.08.2019
Дональд Трамп Техастағы атыс туралы: Бұл нағыз қорқақтық әрекет ТАСС

Дональд Трамп Техастағы атыстан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оны үлкен қасірет және нағыз қорқақтық әрекет деп айтты.

Айта кетейік, АҚШ-тың Эль-Пасо қаласындағы Wallmart сауда орталығында атыс болып, 20 адам қаза тапты.

Тағы 26 адам жарақат алды. Куәгерлердің айтуынша, автоматпен қаруланған белгісіз біреу ғимараттағы адамдарды аяусыз қырған. Полиция қылмыскерді ұстады. Ол 21 жастағы Патрик Крузиус екені анықталды. Алайда кей ақпарат құралдары сауда орталығына бір емес 3 адамның шабуыл жасағанын айтады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Ал қолға түскен қаскөйдің жақында әлеуметтік желіде Жаңа Зеландия мешітіндегі қырғынды қолдап, мәлімдеме жариялағаны белгілі болды. Оқиғаға қатысты президент Дональд Трамп қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оны үлкен қасірет және нағыз қорқақтық әрекет деп айтты.

Хабар 24 телеарнасы