386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Судан терроризмді қолдайтын елдер тізімінен шығарылмайды

  • 123
Судан терроризмді қолдайтын елдер тізімінен шығарылмайды

АҚШ Суданды терроризмді қолдайтын елдер тізімінен әзірге шығармайды.

Бұл туралы осы елдің саяси мәселелер жөніндегі министрінің орынбасары Дэвид Хейл Хартумда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Айта кетейік, бұл тізімге енген елдер Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк сияқты несие берушілерден қаржылай көмегінен қағылып, елдің сыртқы борышын жою сияқты мүмкіндігінен айырылады. Ал тізімнен шығатын болса, елге шетел инвестициясын тартып, аймақтың экономикалық ахуалын оңалту мүмкіндігі пайда болады. Естеріңізге салайық, Судан терроризмді қолдайтын елдер тізіміне 1993 жылы енген.

Хабар 24 телеарнасы