386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малайзияда жоғалған ирландиялық қыздың денесі орманнан табылды

  • 168
  • UPD: 14:02, 14.08.2019
Малайзияда жоғалған ирландиялық қыздың денесі орманнан табылды

Малайзияда 2 апта бұрын жоғалған ирландиялық қыз Серембан қаласының маңындағы орманнан табылды.

Марқұмның ата-анасы оның Нора екенін растап отыр. Еске сала кетейік, 15 жастағы Нора Куорин тамыздың 10-ы күні Серембан қаласының маңында ата-анасымен демалып жатқан кезде жоғалып кеткен. Қыз жүйке ауруымен ауырған. Бірақ оның әке-шешесі Нораның өздігімен үйді тастап кетуі мүмкін емес, оны біреу ұрлап әкеткен деген пікірде. Тергеу жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы