387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте наразылық акциясына 1,7 млн адам қатысты

  • 137
  • UPD: 11:26, 19.08.2019
Гонконгте наразылық акциясына 1,7 млн адам қатысты

Гонконгте үкіметке қарсы наразылық шеруі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған бұл жолы 1 миллион 700 мың адамдай қатысты. Қала көшелерімен жүріп өткен жүз мыңдаған адам үкімет ғимаратын қоршауға алды. Сөйтіп, олар полиция өкілдеріне тіл тигізіп, әкімшілік ғимаратқа жаппай лазер жарығын жіберді. Бірақ наразы жұрт бұдан басқа ешқандай бұзақылық әрекетке бармады. Жалпы бұл мұндай деңгейдегі алғашқы шеру емес. Өткен айдың 16-сында наразылық акциясына 2 миллион адам қатысқан еді. Оған қылмыс жасады деп күдікке ілінген азаматтарды құрлықтық Қытайға экстрадициялау туралы заңы себеп болған еді. Аймақта бастапқыда бейбіт өтіп келген шерулер бірте-бірте шиеленісе бастады. Полициямен қақтығыс, бұзақылық сынды тәртіпсіздіктерден бөлек, ереуіл салдарынан жергілікті әуежайы жұмысы да жуырда 2 күн бойы тұралап қалды.

Хабар 24 телеарнасы