385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде әйелдерге арналған монастырь өртенді

  • 79
  • UPD: 10:59, 27.08.2019

Мәскеуде іргетасы XIV ғасырда қаланған көне монастырьлердің бірі өртке оранды.

Монастырь дүйсенбі күні кешкісін жана бастаған. Қызыл жалын монастырь жатақханасының жоғарғы қабаттарында басталыпты. Сөйтіп, 400 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда, көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрт дерегі бойынша тергеу амалдары басталды. Мамандар тарихи ғимаратқа келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр. Ал ресейлік БАҚ өкілдері өрттің шығуына ұзаққа созылған қайта қалпына келтіру жұмыстары себеп болуы мүмкін деген ақпарат таратты.

Хабар 24 телеарнасы