389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Камбоджада бірнеше провинцияны су басты

  • 207
Камбоджада бірнеше провинцияны су басты Kuku Travel

Камбоджадағы толассыз жаңбыр салдарынан елдің бірқатар провинциясы су астында қалды.

Табиғат апатынан 11 адам қаза тапты. Құрбан болғандардың екеуі – бала. Тасқын суға байланысты 10 мыңдай отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғи апатпен күрес комитетінің мәлімдемесіне сай, жалпы ел аумағы бойынша 100 мың үйді су басқан. Сондай-ақ тасқыннан 25 мың гектар күріш алқаптары бүлініпті. Синоптиктердің болжамына сәйкес, бірнеше провинцияда су деңгейі әлі де көтеріледі.

Хабар 24 телеарнасы