389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каталонияда референдум күніне орай наразылық шеруі өтті

  • 144
  • UPD: 14:20, 02.10.2019
Каталонияда референдум күніне орай наразылық шеруі өтті

Испанияның Барселона қаласында 2017 жылғы Каталониядағы референдум күніне орай наразылық шеруі өтті.

Оған 20 мыңға жуық адам қатысты. Халық сол кезде қамауға алынған Каталония аймағы үкіметінің мүшелерін босатуды талап етіп, аймақтың тәуелсіздігін ұрандатты. Наразылық акциясы кезінде полициямен қақтығыс болды. Бірақ жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Айта кетейік, 2017 жылдың 1 қазаны күні Каталония аймағының билігі өңірде тәуелсіздік туралы референдум өткізіп, өз дербестігін жариялаған. Алайда ресми Мадрид оны заңсыз деп танып, аймақ басшыларын қамауға алды. Олардың соты алдағы апталарда өтуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы