384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияның үкіметтік күштері қосымша әскери техника жұмылдырды

  • 205
  • UPD: 11:39, 24.10.2019
Сирияның үкіметтік күштері қосымша әскери техника жұмылдырды

Сирияның үкіметтік күштері елдің солтүстігінде орналасқан Ракка мен Хасеке провинцияларына қосымша әскери техника жіберді.

Бұл туралы SANA мемлекеттік агенттігі өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың дерегіне сай армия аймақтағы өз позициясын нығайтуы қажет. Естеріңізде болса, 9 қазанда Түркия Сирияның солтүстігінде әскери операция бастайтынын жариялаған еді. Осыдан кейін түрік әуе күштері күрд жасақтарына соққысын жасаған болатын. Оның мақсаты – буферлік аймақ құру.

Хабар 24 телеарнасы