426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пуэрто-Рикода қатарынан бірнеше рет жер сілкінді

  • 290
  • UPD: 11:06, 03.01.2020
Пуэрто-Рикода қатарынан бірнеше рет жер сілкінді

Пуэрто-Рикода жарты тәуліктен бері жер сілкінісі жалғасып жатыр.

Мұнда болған табиғи апаттың ең қуаттысының күші 4,9 балл болды. Ал соңғы болған жер сілкінісінің ошағы Гуайанилья муниципалитетінен 10 шақырым жерден өтіп, кіндігі 2 шақырым тереңдікте тіркелді.

Табиғи апаттан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ. 

Жергілікті халықтың айтуынша, мұндай құбылыс соңғы 30 жылда алғаш рет болып тұр.

earthquaketrack

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы