432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада тұтқында болған сәби құтқарылды

  • 451
  • UPD: 19:31, 03.01.2020
Аргентинада тұтқында болған сәби құтқарылды

Буэнос-Айресте полиция қызметкерлері жедел жәрдем көлігінде тұтқында болған сәбиді құтқарып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті журналистер хабарлады. Белгілі болғандай, нәрестенің әкесі шешесіне шабуыл жасалып, кейін көлік ішінде қамалып алған. Бірнеше сағатқа созылған келіссөз нәтиже бермеген соң, полицейлер көлікке басып кіру арқылы сәбиді құтқару туралы шешім қабылдайды. Қазір жаңа туған сәби анасымен бірге ауруханаға жатқызылып, керекті ем-дом алып жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы