419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапония Таяу Шығысқа әскери кемесін аттандырды

  • 598
  • UPD: 13:41, 03.02.2020
Жапония Таяу Шығысқа әскери кемесін аттандырды

Ол Оман шығанағы арқылы елге мұнай тасымалдайтын танкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналыспақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бортында 200 теңізшісі бар «Таканами» кемесі осы аймақтағы екі жапон ұшағын толықтырады. Жапон үкіметінің мәлімдеуінше, егер мұнай танкерлеріне қауіп төнсе, әскери кемеге күш қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бірақ сарапшылар «бұл Күншығыс елінің конституциясына қайшы» дегенді айтады. Себебі онда халықаралық дауларды шешу үшін күш қолдануға тыйым салынған. Ал ресми дерекке сүйенсек, Жапонияға импортталатын мұнайдың 90%-і осы шығанақ арқылы тасымалданады екен.

Хабар 24 телеарнасы