411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жұқтырған қытайлық әйел дені сау нәрестені дүниеге әкелді

  • 447
  • UPD: 11:55, 04.02.2020
Коронавирус жұқтырған қытайлық әйел дені сау нәрестені дүниеге әкелді

Қытайдың Харбин қаласындағы ауруханада коронавирус жұқтырған әйел дүниеге дені сау қыз бала әкелді, деп хабарлады ECNS порталы.

Әйел жүктіліктің 38-ші аптасында болған. Науқастың жағдайы күрт нашарлай бастағандықтан дәрігерлер күні толмай босандырып алуды жөн көрген. Нәтижесінде салмағы 3,05 келі қыз дүниеге келді. Нәресте бірден карантинге жіберілді. Дегенмен коронавирусты анықтау үшін 2 рет сараптама алынып, қорытынды таза шықты.

Қазіргі уақытта ана мен баланың жағдайы «тұрақты жақсы» деп бағаланып отыр.

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы