Үнділердің «Камбала» деп аталатын ұлттық жарысында Сриниваса Гаудас есімді желаяқ уақыт көрсеткіші бойынша Ямайка спортшысы Усэйн Болтты басып озды.
Үндістандық 100 метр қашықтықты небәрі 9,55 секундта жүгіріп өтті.
2009 жылы өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында ямайкалық желаяқ 100 метрді 9,58 секундта еңсерген еді.
Ал жалпы, ұзындығы 142 метр болатын жолды Гаудас 13,62 секундта бағындырды. Ол мұндай тамаша нәтижеге жетуге буйволдардың көп көмегі тигенін айтып өтті.
«Камбала» – бұқаларды жегіп жүгіретін ұлттық іс-шара. Сайыс Үндістанның Карнатака штатында ұйымдастырылады. Қатысушылар буйволдармен су басқан күріш алқабы арасы арқылы өтетін 132 немесе 142 метр жолды жүгіріп өтулері міндетті.
#WATCH : Mr. Srinivasa Gowda from Moodabidre, Karnataka ran 100m in 9.55 seconds at a #Kambala (buffalo race). He was faster than @usainbolt who took 9.58 seconds to create a world record.
— Shruthi Thumbri ?? (@Shruthi_Thumbri) February 14, 2020
We Indians are busy with praising others! ?@KirenRijiju @narendramodi @girishalva pic.twitter.com/eIcCS98b33