423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перу мен Колумбияда коронавирусқа қарсы шаралар күшейтілді

  • 375
Перу мен Колумбияда коронавирусқа қарсы шаралар күшейтілді Baltnews

Коронавирусқа байланысты Перу мен Колумбия билігі науқастарды қабылдауға қам жасап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, Лимада 5 ауруханада дертке шалдыққандарды оқшаулау үшін арнайы орын дайындалған. Ал Колумбияның денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындарын гигиеналық тазалықты сақтап, байбалам тудырмауға шақырады. Айтуларынша, ел астанасы Богота қаласының өзінде 30-ға жуық аурухана коронавирус жұқтырғандарды қабылдауға дайын екен.

Дарио Гонзалез, Колумбияның денсаулық сақтау министрі:

– Коронавирус Колумбияға да жетеді деп ойлаймын. Сондықтан қазірден бастап дайындық жұмыстарын бастап кеттік. Қолда бар ақпараттарға сүйене отырып, тиісті шараларды қолға алдық. Ел тұрғындарын да сақтық шараларды сақтауға шақырамыз.

Ал Грекия билігі мектепті екі аптаға карантинге жапты. Естеріңізге салайық, мұндағы оқушыға коронавирус диагнозы қойылған болатын. Қазір мамандар күн сайын ғимаратты зарарсыздандырып келеді.

Айта кетейік, қазір Грекияда бұл кеселге шалдыққан 3 адам тіркелді. Оның бірі жуырда Италиядан келген екен. Жергілікті билік аймақта барлық ойын-сауық шараларын кейінге шегерді.

Хабар 24 телеарнасы