Еурокомиссия Грекияға миграциялық дағдарыспен күресу үшін 700 миллион еуро бөлді.
Бұл туралы осы ұйымның басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Еуроодақ бұдан бөлек, грек тарапына 7 кеме, 1 ұшақ және 2 тікұшақ беретінін жеткізді. Мақсат – Түркиядан Еуропаға ағылған мигранттар легін тоқтату.
Айта кетейік, өткен аптада Сирияның Идлиб аймағындағы жағдай ушығып, Түркия сириялық босқындардың Еуропаға өтуіне кедергі жасамайтынын мәлімдеді. Салдарынан соңғы бірнеше күнде Грекияның шекарасына мыңдаған босқын жиналып, Еуропаға қайта миграциялық дағдарыс қаупі төнді.