418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада коронавирустан көз жұмғандардың саны артып келеді

  • 326
  • UPD: 10:24, 10.03.2020
Еуропада коронавирустан көз жұмғандардың саны артып келеді

Коронавирустан Еуропада да көз жұмғандардың саны артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Германияда дерттен алғаш рет егде жастағы 2 адам қаза тапты. COVID-19-ға шалдыққандардың саны 1 мыңнан асып кетті. Олардың басым бөлігі Хайнсберг округінде тіркелеген. Бранденбургте 1 мұғалім Берлиндегі дертті жұқтырғанмен байланысқа түсіп, 5 мың тұрғын карантинге жабылды. Ал Испанияда коронавирустан 25 адам көз жұмды. Мұнда да науқастардың саны 1 мыңға жуықтаған. Билік індеттің таралуына байланысты елдегі бүкіл мектепті жапты. Ал, ҰлыбританиядаCOVID-19-дан қайтыс болғандардың саны 4-ке жетті. Дерт 319 адамнан анықталған. Кеселдің таралуына қарсы шаралар күшейтілді.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Біз қазір індеттің кең таралып кетуінен сақтанып, оған жол бермеу үшін күш салып жатырмыз. Бірақ ғалымдар әлемдегі жағдайды ескере отырып, коронавирусты бақылауда ұстау мүмкін емес екенін айтады. Сондықтан дерттің одан әрі өршіп кетпеуін ойлап, сақтық шараларын нығайтып жатырмыз. Жазға дейін ауыздықтасақ жақсы болар еді.

Хабар 24 телеарнасы