414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Amazon компаниясы 100 мың жұмыс орнын ашпақ

  • 366
  • UPD: 14:38, 17.03.2020
Amazon компаниясы 100 мың жұмыс орнын ашпақ Акчабар

АҚШ-тың Amazon компаниясы тұтынушылардың онлайн тапсырыстарын қанағаттандыру үшін қосымша 100 мың жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, аймақта коронавирустың таралуына байланысты халық сыртқа шықпай, керегін ғаламтор арқылы алуға көшкен. Компания басшысы тапсырыстар күн сайын артып бара жатқанын айтады. Сәуір айының соңында кейбір интернет дүкендеріндегі қойма қызметкерлері мен жүргізушілердің жалақысы да өспек. Мұндай өзгеріс Ұлыбритания мен Еуроодақтың өзге де елдерінде күтілуде. Болжам бойынша, жұмысшылардың бір сағаттық еңбегі 2 еуроға артатын болады.

Хабар 24 телеарнасы