427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалияда 4 мамырдан бастап бастап шектеу шаралары алынады

  • 438
Португалияда 4 мамырдан бастап бастап шектеу шаралары алынады

Португалия мамырдың 4-інен бастап шектеу шараларын алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Карантин режимін жеңілдету үш кезеңнен тұрып, әр 15 күн сайын жүзеге асырылады. Егер індет қайта өршімесе, мамырдың 18-інен ірі дүкендер мен мейрамханалар және дәмханалар жұмысын бастайды. 11-12-сынып оқушыларын мектепке баруына рұқсат етіледі. Бірақ азаматтар беттеріне маска тағып жүруі тиіс.

Антониу Кошта, Португалия премьер-министрі:

– Төтенше жағдай аяқталғанымен, вирустан төнген қауіп әлі сейілген жоқ. Сондықтан оның таралуын толық тоқтату үшін біз шама келгенше, бір-бірімізбен қарым-қатынасымызды шектеп, арақашықтықты сақтауды ұмытпауымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы