399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда ірі эпидемиялық жағдайларға арналып медициналық база салынады

  • 102
  • UPD: 13:12, 21.05.2020
Қытайда ірі эпидемиялық жағдайларға арналып медициналық база салынады

COVID-19 пандемиясының ошағы болған Қытайдың Хубэй провинциясында 800 орындық мамандандырылған медициналық базаның құрылысы басталды.

Медициналық базада үлкен эпидемиялық жағдайлар туындаған кезде науқастарға медициналық көмек көрсетіліп, емдеу шаралары жүргізіледі. Бұл туралы Синьхуа хабарлады.

Ол жалпы ауданы 120 мың шаршы метр болатын 16 қабатты ғимаратта орналаспақ.

Құрылыс жұмыстары үш жыл ішінде аяқталады деп жоспарлануда.

«Қалыпты уақытта база халық үшін толыққанды аурухана болады, бірақ ірі эпидемиялар кезінде жұқпалы ауруларды емдеуге баса назар аударады», - деп жазды агенттік.

Хабар 24 телеарнасы