405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еурокомиссия экономиканы қалпына келтіру бағдарламасын ұсынды  

  • 128
  • UPD: 08:22, 29.05.2020

Еурокомиссия Еуроодақ экономикасын қалпына келтіруге 750 миллиард еуро бөлуді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – одақтың жылдық бюджетінен 4 есе асатын сома. Жоспар жеті жыл мерзімге қарастырылған. Қаражаттың 40 проценттен астамы коронавирус пандемиясынан ең ауыр зардабын тартқан елдерге бөлінбек. Италия 173 миллиард еуро, ал Испания 140 миллиар еуро алуы мүмкін. Енді бұл ұсынысты Еуропарламент пен Еуроодақ кеңесі қарастыруы қажет.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

– Жалпы, Еурокомиссия «Еуроодақтың келесі ұрпағы» бағдарламасына 750 миллиард еуро жинайды. 500 миллиард еуро грант түрінде, ал 250 миллиард еуро несие ретінде беріледі. 1,1 триллион еуро мөлшеріндегі Еуроодақтың жаңартылған ұзақ мерзімді бюджетімен қоса одағымыздың негізгі қаржылық жоспары 1 триллион 850 миллиард еуро құрайды.

Хабар 24 телеарнасы