423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Адамның бір-біріне жоламауы үшін ұшақтардағы орындар өзгереді

  • 428
  • UPD: 11:49, 07.06.2020
Адамның бір-біріне жоламауы үшін ұшақтардағы орындар өзгереді

Қазір әуе компаниялары «қанаттарын қомдап», пандемияның аяқталуын асыға күтіп отыр. Енді бәрі өзгеше болмақ.

Safran аэроғарыш компаниясы адамдардың әлеуметтік арақашықтық сақтауы үшін Interspace Lite креслосын жасап шығармақ.

Жаңа дизайнға сәйкес, бұрынғы үш орынның ортаңғысы өзгереді, яғни ол енді орын емес, екі жолаушыны бір-бірінен бөліп тұратын шағын бөгетке айналады.

Компанияның мәлімдеуінше, «пандемия» деп, қол қусырып қарап отырғанша осындай өзгеріс жасау арқылы рейстерді ұшыру керек. Мұндай қадам туризм саласының аяғына тік тұрып кетуіне көп көмектеседі. Арғы жағындағы адамның немен айналысып отырғаны көрінбейтін бөгет жолаушылардың оңаша отыруына мүмкіндік тудырады.

Insider

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы