Коронавирустық пандемия СПИД-пен жаһандық күреске айтарлықтай әсер етті.
Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының ЖИТС/СПИД бойынша біріккен бағдарламасының мәлімдемесінде айтылды.
Сарапшылар АИТВ-инфекциясын емдеудегі 6 айлық үзіліс Африкадағы 500 мыңнан астам адамның өліміне әкелуі мүмкін деп қауіптенеді.
«Тіпті емдеудегі 20%-тік үзіліс қосымша 110 мың адамның өліміне әкелуі мүмкін», - делінген хабарламада.
Статистикаға сәйкес 2019 жылы әлемде 690 мың адам СПИД құрбаны болды.
COVID-19 пандемиясының салдарынан 2020 жылға арналған ЖИТС-пен күрестегі жаһандық мақсаттар орындалмайды.