420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда коронавирус жұққандар саны артып барады

  • 238
  • UPD: 12:38, 24.07.2020

Бразилияда коронавирусты жұқтырғандар саны артты. Соңғы бір тәулікте 60 мыңдай адамнан Ковид-19 анықталған.

Осылайша жалпы елдегі  науқастар саны 2 287 475 ке жетті. Ұлттық денсаулық сақтау кеңесінің мәліметі осындай. Сондай-ақ соңғы 24 сағатта кеселден 1311 адам көз жұмып, коронавирус құрбандарының саны 84 мыңнан асқан. Одан бөлек, ел президенті Жаир Болсонарудың тесті тағыда оң нәтиже берді. Мемлекет басшысы осы айда үш тестілеуден өткен. Барлығы да Болсанарудың коронавирусты жұқтырғанын көрсеткен.

Десе де, әкімшілік президенттің халі жақсы екенін хабарлайды.

Айта кетейік, Болсонару коронавирусты «тұмаудың жеңіл түріне» балап, елде шектеу шараларын енгізуден бас тартқан басшы.

Хабар 24 телеарнасы