425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Молдовада төтенше жағдай 31 тамызға дейін ұзартылды

  • 316
  • UPD: 07:24, 25.07.2020
Молдовада төтенше жағдай 31 тамызға дейін ұзартылды korrespondent.ne

Молдова Республикасындағы төтенше жағдай 31 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОЛДПРЕС агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай шешім бүгін премьер-министр Ион Кику жетекшілік ететін Қоғамдық денсаулық ұлттық төтенше комиссиясының отырысында мақұлданды.

Мемлекеттік және жеке мекемелерде бұрынғыша той мен шоқындыру секілді рәсімдерді ұйымдастыруға тыйым салынған. Қоғамдық тамақтану орындарында 50 адамға дейін, тәртіпті қатаң сақтай отырып жиналуға рұқсат етіледі. Туристік және велосипед тебу, жүгіру, ескек есу және балық аулау сынды таза ауадағы шаралар ұйымдастыруға рұқсат етілген. Бірақ бір топтағы адам саны 10-нан аспауы керек.

Молдова Республикасында 22 105 адам коронавирус жұқтырған. Қазіргі уақытта 30 836 адам медицина қызметкерлерінің бақылауында, ал 212 науқас емделіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы