429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузия билігі жұмыссыздық мәселесін шешуге тырысып жатыр

  • 195
  • UPD: 16:01, 28.07.2020

Індеттің кесірінен шекаралар жабылып, жыл сайын маусымдық жұмысқа шетелге аттанатын адамдар нәпақасынан айырылды, хабарлайды «Хабар 24».

Аджария аймағында тіпті көршілес Түркиямен шекараны ашуды талап еткен шерулер өткен еді. Үкімет бұл азаматтарға өз елінде уақытша жұмыс ұсынды.

Қазіргі кезде жаңа жұмыс орындары ашылып жатқан елдегі жалғыз сала – ауыл шаруашылығы. Мәселен, Кахетия аймағында бақша өнімдері пісіп, оны жинау үшін адам жетіспей жатыр. Ал теңіз жағасында орналасқан Аджарияда керісінше, нәпақа табу қиындап кетті. Бұрын жергілікті тұрғындар маусымдық жұмысқа Түркияға баратын. Алайда, індеттің кесірінен шекара жабық.

Заза Руадзе, Кахетия әкімшілігінің Чумлаки ауылындағы өкілі:

- Ауданымызда күн сайын екі мыңдай адам жұмыс істеп жатыр. Өнімдерді сақтайтын тоңазытқыштар артқандықтан, жұмысшыларға да сұраныс өсті. Бұл істе бізге үкімет көп көмек берді. Өнім жинау маусымы бізде мамыр айының соңында басталып, қыркүйекке дейін жалғасады. Маусым аяқталғанда да жұмысшылар қажет болады.

Шорена бұл жерден 400 шақырым қашықтықта теңіз жағасындағы қалада тұрады, күйеуімен бірге үш баласын тәрбиелеп жатыр. Жыл сайын Түркияға жұмысқа баратын. Ал, биыл Кахетияда еңбек күші қажет екенін естіп, осында шабдалы жинауға келді.

Шорена Хасайя, ферма жұмысшысы:

-Кобулетиде тұрамын. Биыл індет салдарынан шекара жабық болғандықтан, осында жұмыс істеуге келдім. Жұмыс істегеніме екі ай өтті, тағы екі айға қаламын. Шекара ашылса, әрине, Түркияға жұмысқа барамын. Бірақ осында да келіп тұрамын.

Маусымдық жұмыс істейтіндерге айына шамамен 400 доллар төлейді. Үкімет жұмыссыз қалған азаматтарын жүзім мен жаңғақ теруге жіберуді көздеп отыр.

Авторы: Юлия Тужилкина

Хабар 24 телеарнасы