426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда «ковид» ауруханадағы өрттен сегіз адам көз жұмды

  • 166
  • UPD: 18:03, 06.08.2020
Үндістанда «ковид» ауруханадағы өрттен сегіз адам көз жұмды

Үндістанда коронавирусты жұқтырғандар емделіп жатқан ауруханада өрт шығып, 8 адам көз жұмды.

Марқұмдардың барлығы жансақтау бөлімінде жатқан. Тілсіз жау дәл осы бөлімде тұтанған екен. Оқиға елдің батысындағы Ахмад-абАд қаласында болды. Мамандардың хабарлауынша, өртке желдету жүйесіндегі қысқаша тұйықталу себеп. Ауруханада емделіп жатқан тағы 35 науқас басқа клиникаларға ауыстрылды.

Айта кеткен жөн, Үндістанда өрт оқиғалары жиі тіркеледі. Мамандардың айтуынша, оған қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп.  

Раджив Кумар Гупта, Гуджарат штаты үкіметінің өкілі:

- Өрт таңғы 03:30-да жансақтау бөлімінде басталған. Аурухана қызметкерлері оны өз беттерінше сөндірмек болған. Қызыл жалынмен арпалысып жатқанда бір медициналық қызметкер жарақат алды. Алайда от тез тарап, 8 науқас көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы