420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


SpaceX зымыраны полярлық орбитаға жерсерігін жеткізді

  • 139
  • UPD: 15:57, 31.08.2020
SpaceX зымыраны полярлық орбитаға жерсерігін жеткізді

Америкалық «СпейсЭкс» компаниясы өзінің Falcon 9 зымыран тасығышымен ғарышқа Аргентинаның байланыс жерсерігін алып шықты.

Зымыран АҚШ-тың Канаверал мүйісінен ұшырылды. Бұл – «СпейсЭкстың» полярлық орбитаға ғарыш аппаратын алғаш жеткізуі. Бірлестіктің мәлімдеуінше, НАСА мен оның бәсекелестері Флоридадан полярлық орбитаға ғарыш аппараттарын жібермегеніне ондаған жыл болған. Ал Аргентина жерсергі жер бетіндегі ауа райын бақылауға арналған. Аппарат елдің ауыл және орман шаруашылығы үшін қажет мәліметтерді жіберіп тұрады.

 

Хабар 24 телеарнасы