426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде медицина қызметкерлері шеруге шықты

  • 90
  • UPD: 13:23, 17.09.2020
Перуде медицина қызметкерлері шеруге шықты

Перу астанасында денсаулық сақтау саласының өкілдері наразылық шеруге шығып, конституциялық соттың алдына жиналды.

Дәрігерлер үкіметтен еңбек жағдайын жақсартуды талап етуде.

Бейбіт басталған шеру соңы қақтығысқа ұласты. Полиция ғимарат алдына жиналған халықты таратпақ болып, су шашып, күш қолданды. Жарақат алғандар туралы ақпар жоқ. Перуде індет таралғалы денсаулық саласы өкілдерінің наразылық акциялары жиіледі. Дәрігерлер биліктің медициналық қорғаныш заттарымен жеткілікті қамтамасыз етпей отырғанына наразы. Айта кетейік, Перу әлемде вирусты жұқтырғандар бойынша 5-орында. Бұл елде науқастардың саны 740 мыңнан асқан. Дерттен 31 мыңдай адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы