427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таулы Карабах бойынша келіссөздерге он сағат уақыт кеткен

  • 141
  • UPD: 11:38, 10.10.2020
Таулы Карабах бойынша келіссөздерге он сағат уақыт кеткен

Ереван мен Баку бүгін сағат 12:00-ден бастап Таулы Карабахта оқ атпау туралы келісімге келді. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров хабарлады.

Армения мен Әзербайжан Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Мәскеуде өткен кездесу қорытындысы бойынша тараптар ортақ келісімге келген. Зограб Мнацаканян мен Джейхун Байрамовтың кездесуі жабық есік форматында 10 сағаттан астам уақытқа созылып, түн ортасына дейін жүрген. Оқ атпау туралы келісімі бойынша тараптар, сондай-ақ қаза тапқандардың мәйіті мен тұтқындарымен алмасады.

Еске сала кетейік, Таулы Карабахта қақтығыс қыркүйектің 27-сі күні басталып, аймақтағы ахуал шиеленісіп кеткен болатын. 

Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі:

- Оқ атуды тоқтатудың нақты шаралары қосымша келісіледі. Сонымен қатар Минск тобының тең төрағаларының көмегімен Әзербайжан мен Армения республикалары Таулы Карабахтағы жағдайды реттеу бойынша субстантивті келіссөздерге кірісті. Ол аймақтағы ахуалды тез арада бейбіт жолмен реттеуге бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы