422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джек Ма Қытайдағы ең бай адамдар рейтингінде көш бастады

  • 141
  • UPD: 12:41, 20.10.2020
Джек Ма Қытайдағы ең бай адамдар рейтингінде көш бастады

Интернет сауда саласындағы әлемдік көшбасшы Alibaba компаниясының негізін қалаушы 56 жастағы Джек Ма Қытайдағы ең бай адамдардың рейтингінде көш бастады.

Рейтингті Forbes-тің қытайлық баламасы Hurun басылымы құрған.

Олар миллиардердің дәулетін 58,8 млрд долларға бағалады. Екінші орынды Tencent телекоммуникациялық компаниясының директорлар кеңесінің 49 жастағы төрағасы Ма Хуатэн иеленді. Оның байлығы 57,4 млрд долларды құрайды. Үшінші орынға 53,7 млрд доллар байлығы бар 66 жастағы Чжан Шаньшань жайғасты. Ол – Nongfu ауыз су өндірісінің басшысы.

Биыл қытайлық миллиардерлердің тізімі 257 адамға көбейді және қазіргі уақытта тізімде 878 адам бар. Олардың жартысына жуығы Бейжің, Шэньчжэнь, Шанхай, Ханчжоу, Гуанчжоу және Сучжоуда тұрады.

Хабар 24 телеарнасы