422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропадағы ел өзінің әрбір азаматына сегіз мың доллардан үлестірмек

  • 149
  • UPD: 09:36, 22.10.2020
Еуропадағы ел өзінің әрбір азаматына сегіз мың доллардан үлестірмек

Швейцария билігі әрбір азаматына 8 мың доллардан үлестірмек. Мұндай бастаманы елдің федералды канканцеляриясы мақұлады.

Енді 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін ұсынысты 100 мың адам қолдаса, жалпыұлттық референдум өтеді.

Бастамашы топтың айтуынша, бұл азаматтардың әл-ауқатымен қатар ел экономикасын да көтереді. Сондай-ақ қаржы тапшылығы болмағандықтан жұмысшылар айлық табыс үшін емес, сүйген ісімен айналысады. Бұл еңбек өнімділігін арттырады. Қаржы үлестіруге шамамен 50 миллиард доллардай жұмсалмақ.

Айта кетейік, Швейцарияда жалпы жұртқа қаржы үлестіру бастамасы алғаш рет көтеріліп тұрған жоқ. 2016 жылғы референдумда халық оған қарсы дауыс берген еді.

Хабар 24 телеарнасы