422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда онлайн сауда бойынша жаңа рекорд тіркелді

  • 91
Қытайда онлайн сауда бойынша жаңа рекорд тіркелді

Қытайда 11-інші айдың 11-і күні отау құрмаған адамдарға сыйлық тарту дәстүрі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бойдақтар күніне орай көптеген компания өз тауарларына жеңілдіктер беретіндіктен, халықтың көбі мүмкіндікті пайдаланады. Ол АҚШ-тағы «Қара жұма» деп аталатын жеңілдіктер күніне ұқсап кеткен. Биылғы Бойдақтар күні Қытайда жаңа рекорд тіркелді. «AliBaba» компаниясының интернет-платформасында сауда көлемі 75 млрд доллардан асты. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Интернет-сауда саласындағы тағы бір ірі компания «JD» 40 млрд доллардан асатын сомаға сауда жасаған.

Коронавирус індеті де көрсеткіштердің өсуіне әсер еткен сыңайлы. Өйткені адамдардың көбі әдетін өзгертіп, қажетті заттарын онлайн сатып алатын болған.

Лю Хуэй, «JD» компаниясы үлкен деректер институтының аға қызметкері:

– Биыл Бойдақтар күні 250 млрд юаньнан асатын сомаға сауда жасадық. Жергілікті тұтынушылар импортталған тауарларды көп мөлшерде сатып алды. Зерттеу бойынша бұл – негізінен білім деңгейі мен табысы жоғары жас адамдар.

Хабар 24 телеарнасы