423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияда коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі толығымен жойылды

  • 60
Данияда коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі толығымен жойылды

Қаракүзендерді түгел қыру арқылы олардан табылған коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі толығымен жойылды.

Бұл туралы Данияның денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Айтуынша, 15 қыркүйектен бері ел аумағында «Cluster 5» деп аталатын коронавирустың өзгеріске ұшыраған нұсқасы анықталмаған.

Айта кетейік, екі апта бұрын Дания билігі шаруа қожалықтарында өсірілген қаракүзендерді қыруға кіріскен еді. Өйткені мутацияланған вирус адамдардан да табылған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша қазір Данияның қаракүзен өсіретін өңірлеріндегі жағдай біршама жақсара бастапты. Осыған байланысты ел билігі шектеу шараларын жеңілдететінін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы