420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда Санта-Клаустар Zoom арқылы құттықтауды үйреніп жатыр

  • 127
  • UPD: 14:01, 27.11.2020
Ұлыбританияда Санта-Клаустар Zoom арқылы құттықтауды үйреніп жатыр Naked Science

Билік Аяз аталарға биылғы жаңа жылда ел аралауға тыйым салған.

Негізі Англиядағы карантин келесі аптада аяқталады. Бірақ мейрамханалар мен шарапханалар ашылмайды. Әсіресе, қатаң шектеу шаралары халық тығыз қоныстанған орталық және солтүстік аймақтарда сақталмақ. Санталардың виртуалды видео құттықтауының бағасы 40 доллардан басталады. Тіпті олар тікелей эфирде би билеп, ән де салып береді. 

Мэт Крист, жоба авторы:

– Биылғы тапсырыстар саны 15 пайыздан асса, шынымен риза болар едім. Қазіргі жағдайда мұны үлкен жетістікке балауға болады. Онлайнның бір ерекшелігі, біздің Санта-Клаустар бүкіл әлем бойынша кез келген баламен тікелей эфирде жүздесе алады.

Хабар 24 телеарнасы