АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында жаңа шектеу шаралары жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуал себеп. Шаһарда күн сайын 5 мыңға жуық адам індеттің ілмегіне ілініп жатыр. Өңірде өткен аптада басталған коменданттық сағат әлі де өз күшінде. Енді жергілікті билік шаһардағы барлық ойын алаңдарын, мұражайлар мен өзге де қоғамдық жерлерді жауып тастады. Ал, азық-түлік дүкендеріндегі адам санына да шектеу қойылды. Сонымен қатар бірнеше отбасы мүшелеріне бірге жиналуға тыйым салынған. Бір қызығы, діни іс-шаралар мен саяси шерулердің ұйымдастырылуына рұқсат етілді. Айта кетейік, аймақта дертке шалдыққандардың жалпы саны 400 мыңнан асса, 7600-ден астам тұрғын осы кеселден көз жұмды.