424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Pfizer және Biontech вакциналарын қолдануға рұқсат берілді

  • 229
  • UPD: 21:57, 12.12.2020
АҚШ-та Pfizer және Biontech вакциналарын қолдануға рұқсат берілді

АҚШ-тың құзырлы органдары Pfizer және Biontech компанияларының коронавирусқа қарсы вакцинасын төтенше жағдайларда қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Препаратты алғашқы болып медициналық қызметкерлер мен қарттар алады деп жоспарланып отыр. Айта кеткен жөн, екпені америкалық Pfizer және немістің Biontech компаниялары бірлесіп жасаған. Тиімділігі 95%-ті көрсетті. Дәріні жасы 16-дан асқан адамдарға қолдануға рұқсат. Президент Дональд Трамп халыққа екпе салу алдағы сағаттарда басталатынын жария етті.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Бұл керемет жаңалық. Біз небәрі 9 ай ішінде тиімді әрі қауіпсіз вакцинаға қол жеткіздік. Бұл тарихтағы ең ірі ғылыми жетістіктердің бірі. Препарат миллиондаған адамның өмірін сақтап қалады. Біз вакцина жасаумен айналысатын компанияларға көп ақша бөлдік. Енді міне, нәтижесін көріп отырмыз. Америка халқы атынан ғалымдарға, дәрігерлер мен барлық мамандарға алғысымды айтамын.

Айта кетейік, бірер күн бұрын дәл осы препаратты Ұлыбританияның құзырлы органдары қолдануға рұқсат беріп, қазір Корольдікте вакцинациялау жүріп жатыр. Соңғы деректер бойынша екпені Мексикада да төтенше жағдайларда халыққа салуға рұқсат берілген.

Хабар 24 телеарнасы