429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОАР мен Зимбабве шекарасында он бес адам қаза тапты

  • 195
  • UPD: 17:20, 26.12.2020
ОАР мен Зимбабве шекарасында он бес адам қаза тапты

Оңтүстік Африка Республикасы мен Зимбабве арасындағы шекарада ұзын сонар көлік кептелісі пайда болды.

Шекараны аспақ болған адамдардың көбі Зимбабвенің еңбек мигранттары. Үйлеріне оралу үшін олар ковид-19 дертіне тест тапсыруы тиіс. Алайда бұл көп уақыт алып, олар шекарада ұзақ бөгеліп қалды. Мұнда жағдай нашар болғандықтан соңғы бірнеше аптада әбден әлсіреген 15 адам қайтыс болды. Жалпы Оңтүстік Африка Республикасында Зимбабведен келген бір жарым миллионға жуық адам жұмыс істейді. Індеттің екінші толқынына тап келген Оңтүстік Африка Республикасында коронавирусты жұқтырған адам саны бір миллионға таяп қалды.

Хабар 24 телеарнасы