426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ж.Артықбаев: Елбасының мақаласы – үлкен бағдарламалық құжат

  • 2142
  • UPD: 21:30, 27.08.2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы – үлкен бағдарламалық құжат. Бұл қазақ халқының рухани мұрасын өткен ғасырдан бері зерттеп жүрген тарихшы Жамбыл Артықбаевтың пікірі.

Оның айтуынша, кириллицадан латын әліпбиіне көшудің қиындығынан жеңілдігі көп. Өйткені «түркітілдес елдермен қарым-қатынас деңгейі жаңа сатыға көтеріледі», – дейді профессор.

Жамбыл Артықбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

– «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бұл уақытында шыққан үлкен бағдарламалық құжат деп есептеймін. Өйткені біз экономикалық, әлеуметтік жағынан көтерілдік, әлемге танылдық. Әлеммен бірге бір қатарға қосылдық. Енді рухани мұраға жалғану, соның көзін ашу керек. Өзіміздің этникалық бірегейлігімізді сақтау мәселесі бүгінгі күні өте өзекті. 

Хабар 24 телеарнасы