384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да Құнанбайға ескерткіш орнатылды

  • 581
  • UPD: 17:49, 16.09.2017

Шығыс Қазақстанның Қарауыл ауылында Ұлы Абайдың əкесі Құнанбай Өскенбайұлына ескерткіш орнатылды.

Мүсін таза мыстан соғылған. Оны тұрғызуға қаржыны жергілікті кəсіпкер бөлген. Ескерткіштің ашылу салтанатына жиылған жұрттың қарасы қалың. Ұйымдастырушылар болса, Құнанбай қажының ел тарихындағы айрықша орнын дəріптеп, естеліктер айтты. Бұл күні əдебиетші Əсет Мырзақасымның «Дала данышпаны Құнанбай» атты жинағының тұсауы кесілді. «Рухани жаңғыру ұлт ұлылығын танудан басталады», – дейді автор.

Əсет Мырзақасым, кітап авторы:

– Мақсат Құнанбайдың қадір-қасиетін қалың елге жеткізу болды. Бүгін енді елінде Құнанбайға арналған ескерткіш тұрғызылып жатыр, кітап шығарылып жатыр. Осының бәрін жақсылыққа балайық.

Хабар 24 телеарнасы