430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорданың кәріз жүйесі толық жөндеуден өтеді

  • 2292
  • UPD: 08:56, 28.09.2017

Қызылордада жарты ғасырдан бері жөндеу көрмеген кәріз жүйелері қалпына келтіріліп жатыр. Құбырларды жаңартуға соңғы 5 жылда 15 млрд теңге жұмсалған.

Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ел қазынасынан 3,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат облыс орталығында 27 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға жеткілікті. Нәтижесінде жыл соңына дейін ұзындығы 42 шақырымдық су магистралі мен 7 шақырым құбыр төселеді.

Жауапты мамандардың айтуынша, 2018 жылы қала аумағындағы 58 кәріздік сорғы станциясы толықтай жөнделеді. 

Арыстанбек Шаменов, қала әкімінің орынбасары: 

- Бұл жүйелердің барлығы тозып кеткен. Себебі сонау 1972 жылы салынған. Енді 45 жыл бойы қызмет жасап келді. Енді биылдыққа мына сол 27 жобамыз ішінде сол барлық көбінесе көп жүйелерімізді толық ауыстырып жанғыртудан өткізіп аламыз.

Хабар 24 телеарнасы