384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Жас қанат 2018» республикалық байқауы өтіп жатыр

  • 764
  • UPD: 10:48, 26.05.2018

Еліміздің әр өңірінен келген 12 қатысушы өз дауысымен ән салып, өзара бәсекеге түсіп жатыр.

Олар Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Орал және Петропавл қалаларының намысын қорғамақ. Ал сайыскерлердің дарыны мен вокалдық қабілетін отандық эстрада жұлдыздарынан құралған қазылар алқасы бағалайды.

Айта кетейік, ән байқауы үш күнге жалғасады. Дәстүрлі шараның өтуіне Астана қаласының әкімдігі, «Хабар» Агенттігі және «Азия дауысы» халықаралық фестивалі мұрындық болып отыр.

Жанболат Таласбай, Тараз қаласынан келген қатысушы:

- Жас қанатқа келу – менің бала кезгі арманым. Әр әншінің негізгі арманы сол деп ойлаймын. Әнші болғысы келетін адам. Міне жасым 25-ке келіп, арманым орындалды десем болады.

Маржан Арапбаева, әділқазы алқасының мүшесі:

- Ең мықты әншілер осы «Жас қанат» байқауынан шыққан түлектер деп айтсам болады. Биыл былтырғы жылға қарағанда қатысушылардың деңгейі өте жоғары.

Хабар 24 телеарнасы