378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батырлар сауытын бірінен соң бірін жасаған шебердің балалық арманы орындалды

  • 159
  • UPD: 14:15, 26.05.2019

Он саусағынан өнер тамған шебер. Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Ерғали Сәткенов темірден батырдың кезекті сауытын жасап шығарды.

Олардың әрқайсысының салмағы 10 келіден артық. Шебер осы күнге дейін қазақ халқының жаугершілік заманындағы киім-кешектерінің жетеуін құрастырып, арнайы тіккен. Мәселен, шынжырлы сауытты жасау үшін ұстаз 10 жыл уақытын жұмсапты. Осылайша ол өзінің осы бір құнды дүниелерін кейінгі ұрпаққа насихаттасам дейді. Оның үстіне батырдың киімін жасау оның бала күнгі арманы екен.

Ерғали Сәткенов, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі:

- Ауылдың балалары екі топқа бөлінеміз де әсіресе қысты күні. Бір топ ескі үйдің ішінде болса, екінші топ сыртында болып, қолымызда қылыштың орнынан таяқтар. Сөйтіп бір-бірімізге шабуыл жасап қылыштасатынбыз. Кейде сонда таяқ батып кеткенде ойлайсыңда армандап. Ай шіркін менде сауыт болса екен ғой деп. Содан басталған негізі.

Хабар 24 телеарнасы