389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаштың ән қоржыны жаңа бейнебаянмен толықты

  • 288
  • UPD: 11:01, 02.10.2019

Димаш Құдайбергеннің «Знай» әніне түсірілген жаңа бейнебаяны шықты. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

Бейнебаян әншінің YouTube арнасында жарияланған екі сағаттың ішінде 10 мыңнан аса қаралым жинады. 

Туындының әнін ресейлік сазгер Игорь Крутой, сөзін Михаил Гуцериев жазған. Ал бейнебаянды түсіру ісімен кинорежиссёр, клипмейкер Алан Бадоев айналысқан.

Бейнебаян Исландия аралында түсірілді.

Хабар 24 телеарнасы