376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Танымал сәнгер миф кейіпкерлеріне жан бітірді

  • 236
  • UPD: 14:04, 24.12.2019
Танымал сәнгер миф кейіпкерлеріне жан бітірді

Белгілі сәнгер Тәрбия Айдымбаева миф кейіпкерлеріне жан бітірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 20-ғасырдың Шоқаны атанған мифолог-ғалым Серікбол Қондыбайдың шығармаларын зерттеп, өз қиялынан киім үлгілерін жасап шығарды.

Жаңа коллекцияның таныстырылымы ғалымның туған жерінде, Маңғыстау облысы, Шетпе ауылындағы музейде өтті. Таңғажайып костюмдерді дайындауға бір жарым жыл уақыт кеткен. Көрсетілімдегі 12 киім үлгісінің тең жартысы жағымды, қалғаны жағымсыз кейіпкерлер. Әсіресе Суын айғыр, Жезтырнақ, Күнікей мен Түнікей жұлдыздары көпшіліктің көңілінен шықты. Аталған киім үлгілері Серікбол Қондыбай атындағы музейде сақталмақ. Аймаққа ат басын бұратын саяхаттаушылар ерекше киім үлгілері арқылы белгілі ғалымның шығармаларымен де, ұлтымыздың тарихымен де таныса алады. Рухани жаңғыруға бағытталған шараға белгілі өлкетанушылар, ақын-жазушылар мен ғалымдар қатысты.

Тәрбия Айдымбаева, сәнгер:

– Серікбол Қондыбайдың мұражайы өзінің орны деп, осында орналастырып жатырмыз. Яғни Маңғыстау халқы осы көрмені қашан әрдайым көріп тұруына болады. Келіңіздер. Серікбол Қондыбай шығармалары өте көп. Ізденген жұмыстар да көп. Біз қазір солардың барлығын қолымыздан келгенше оқып, шығара алатын дүниелерімізді шығарып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы