430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық фильм Францияда бас жүлдені ұтып алды

  • 605
  • UPD: 21:10, 22.02.2020

 Қазақстандық «Мәриям» фильмі Францияның Везуль қаласында өткен Азия киносының халықаралық фестивалінде гран-при иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кинофестиваль тарихында алғаш рет бас жүлде әйел адамға – алматылық режиссер Шарипа Оразбаеваға бұйырып отыр. Жеңімпазды алғашқылардың бірі болып, Франциядағы Қазақстан елшілігінің өкілдері құттықтады. «Мәриям» – Шарипаның алғашқы толық метражды фильмі. Режиссер оны өз қаржысына түсірген. Туынды төрт баласын жалғыз өзі өсіруге мәжбүр болған әйелдің шынайы оқиғасы желісінде түсірілген. Ең қызығы –Меруерт Саббусинова онда өзін өзі ойнаған. Везуль қаласындағы фестивальден кейін фильмге француз кинодистрибьютерлері қызығушылық танытқан. Енді отандық туынды әлемнің түрлі елдеріндегі кинофестивальдердің конкурстық бағдарламасына қатысады. Осыдан кейін биыл Франция кинозалдарында көрсетілуі мүмкін.

Шәрипа Оразбаева, режиссер:

- Енді фильм аз күнде, 5-ақ күнде түсірілгендіктен және қаржы аз болғандықтан, мен онша сене қойған жоқпын фильмнің басты жүлдені, гран-приді алатына сенген жоқпын. Бірақ қуанышымда шек болмады. Және бұл жерде айтып жатыр маған, бұл фестивальдің 26 жылдық тарихы бар екен. Және әйел режиссер бірінші рет гран-приді алып отыр екен. Француздардың өзінде қуанышында шек болмай жатыр.

Хабар 24 телеарнасы