420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тұран» этнофольклор ансамблі онлайн концерт берді

  • 204
  • UPD: 10:10, 23.08.2020
«Тұран» этнофольклор ансамблі онлайн концерт берді

Елордада әлемге әйгілі «Тұран» этнофольклорлық ансамблінің онлайн концерті өтті. Халық мұрасын жаңғырту мақсатындағы рухани шара бірінші кезекте шеттегі қандастарға арналды. Ұлттық музыкалық ұжым ұмыт бола бастаған төл аспаптардың сүйемелдеуімен үздік туындыларын орындады.

Айта кеткен жөн,  «Тұран» тобы төл өнерді қазіргі заманға сай лайықтап, жаңа форматта ұсынып жүрген ансамбльдердің бірі және бірегейі. 10 жылдық тарихы бар өнер ұжымы 70-тен астам шет мемлекетте 600-ге жуық концерт берген. Онлайн концерт "Отандастар қорының" Ютуб арнасындағы тікелей эфирінде көрсетілді.

Мағауия Сарбасов, «Otandastar» қоры төрағасының орынбасары:

- Бұл сырттағы бауырларымызды қолдауға арналған концерт еді. Бұндағы басты мақсат сыртта тұрып жатқан ағайынның қазақ тілін меңгеруде тұрғысынан арналған салт-дәстүрімізді дамыту мақсатында арналып отыр. Шетте бауырларымыздың саны өте көп. 44 мемлекетте 7-8 млн-ға дейін жетеді деген мәлімет.

Хабар 24 телеарнасы